---
title: "«Адал жол» Степногорскіде!"
description: "А.ж. 21 тамыз күні Степногорск қ. жастар ресурстық орталығының және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-31T02:39:55+00:00"
modified: "2017-08-31T02:39:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-stepnogorskide-777158"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-stepnogorskide-777158/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол» Степногорскіде!

> А.ж. 21 тамыз күні Степногорск қ. жастар ресурстық орталығының және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан...

**

![«Адал жол» Степногорскіде!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/D03Ax8ifWrmH5j5M0pDJcwaEon66KC.jpg)

А.ж. 21 тамыз күні Степногорск қ. жастар ресурстық орталығының және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері Ерейментау ауданынан «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасын қабылдап алды. Салтанатты шара Сілеті өзенінің бойындағы тас жолында өтті.**

Жемқорлыққа қарсы марафон Көкшетау қаласынан бастау алып, қазіргі уақытта бірқатар жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өтті. Степногорскте марафон аясында кездесулер, талқылаулар, семинарлар, флеш-мобтар және жастар үшін дәрістер өткізілетін болады. Жобаның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы сауаттылықты, мәдениетті қалыптастыруға қоғамның барлық санаттарын тарту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және тұрғындар сенімін арттыру, жастарға рухани және жоғары моральды-этикалық құндылықтарды қондыру.

Степногорск қ. және Ақмола облысында аталған жоба жыл сайын өткізіліп, жақсы ойластырылған іс-шаралар арқасында жастар арасында жарқын әсер қалдыруда. Облыстық деңгейде жобаның бастаушысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы Департаменті және Ақмола облысының әкімдігі болып табылады. Барлық іс-шаралардың аяқталуынан соң марафон эстафетасы Шортанды ауданына табысталатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-stepnogorskide-777158](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-stepnogorskide-777158)