---
title: "Адал жол – Честный путь – жастардың жолы"
description: "Ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекет..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-14T05:02:24+00:00"
modified: "2016-04-14T05:08:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zhastardy-zholy-689206"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zhastardy-zholy-689206/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Адал жол – Честный путь – жастардың жолы

> Ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекет...

Ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облыстық «Адал жол – Честный путь» марафонының аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында флеш-моб өткізді.

![Адал жол – Честный путь – жастардың жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/RrJsXWYbHj9L2C2kUwER6pCKDoOeRm.jpg)

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың бойына ортақ іске қатыстылық, тұтастық сезімін дарыту, жастарға адамгершілік тәрбие беру, жоғары моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарды дәріптеу, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту үдерісіне тарту және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, үкіметтік емес ұйыұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zhastardy-zholy-689206](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zhastardy-zholy-689206)