---
title: "«Адал жол – Честный путь» жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі"
description: "Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Аршалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы» КМ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-16T07:56:58+00:00"
modified: "2017-08-16T07:56:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zh-myssyz-azamattar-a-arnal-an-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-775842"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zh-myssyz-azamattar-a-arnal-an-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-775842/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол – Честный путь» жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

> Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Аршалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы» КМ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/OMz29XpH9ZQTsOL4PgY584Rx4CfxKJ.jpg) Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Аршалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы» КММ-де «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеге Аршалы ауданындағы бос жұмыс орыны бар жұмыс берушілер шақырылды: «Аршалы ауданы қорғаныс істері бөлімі» ММ – 2 бос орын, Аршалы АЭЖ – 4 бос орын, «КазШпал» АҚ – 30 бос орын, «Lomuang» ЖСШ – 3 бос орын, ЖК «Сыздыкова К.Ш.» - 2 бос орын, «Ижевское» ӨК – 12 бос орын, «аршалы ауданының мәдениет үйі» МКҚК – 2 бос орын.

Жұмыс іздеушілерге төмендегідей бос орындарға: аспаз, краншы, күзетші, жүргізуші, құрылысшы мамандықтары бойынша ұсынылды. Төменгі санаттағы мамандарға арнаулы дайындықты қажет етпейтін: формашы, электромонтер, слесарь, елді мекендерді абаттандыру жұмысшылары сияқты бос жұмыс орындары үсыналды.

Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде қатысқан 23 адамның 19-ы ауданымыздағы өнеркәсіп орындары мен шаруашылықтарына жұмысқа орналасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zh-myssyz-azamattar-a-arnal-an-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-775842](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-zh-myssyz-azamattar-a-arnal-an-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-775842)