---
title: "«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алды"
description: "А.ж. 1 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқо..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-03-01T06:36:04+00:00"
modified: "2017-03-01T06:36:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-bastau-aldy-758418"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-bastau-aldy-758418/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алды

> А.ж. 1 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқо...

А.ж. 1 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының бастау алуына арналған брифинг өтті.

Марафон 1 наурыздан бастау алады және жылдың аяғына дейін өтеді. Дүние жүзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтілетін 9 желтоқсан күні Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда марафонның нәтижелері жарияланады.

Марафон барысында: дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, КВН-дар, викториналар, пікірсайыстар, дебаттар, флешмобтар және жұмыстың т.б. түрлі нысандары іске асырылатын болады. Іс-шараларға мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап, халықтың барлық топтары қатысады деп жоспарлануда.

Облыстық марафонның қорытындылары бойынша өңірлердегі үздік іс-шаралар қамтылған деректі бейнеролик түсіру жоспарланып отыр. Барлық жұмыс сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын жасауға және қоғамда сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.

Облысымыздың барлық өңірлерінде 2016 жылдың 1 сәуірінен 9 желтоқсанына дейін өткен «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында Ақмола облысы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған 380-нен астам іс-шара өткізіліп, оларға 40 мыңнан астам ақмолалықтың қатысқанын атап өткен жөн. 2016 жылдың 9 ақпанында Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал жол-Честный путь» форумы өтті. Форумда Марафонның қорытындылары шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін құрмет грамоталарымен Астрахан, Жақсы, Ерейментау аудандарының белсенділері марапатталды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_67.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-bastau-aldy-758418](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-oblysty-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-marafony-bastau-aldy-758418)