---
title: "«Адал жол – Честный путь» марафонының құрметіне ұйымдастырылған концерт"
description: "2016 жылғы 10 тамызда Целиноград ауданында екі апта бойы өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонны..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-08-11T03:55:35+00:00"
modified: "2016-08-11T03:55:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafonyny-rmetine-yymdastyryl-an-koncert-706578"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafonyny-rmetine-yymdastyryl-an-koncert-706578/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол – Честный путь» марафонының құрметіне ұйымдастырылған концерт

> 2016 жылғы 10 тамызда Целиноград ауданында екі апта бойы өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонны...

2016 жылғы 10 тамызда Целиноград ауданында екі апта бойы өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның соңында орталық спорт алаңында үлкен қорытынды концерт өтті.

Аталған іс-шараға білім, денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметшілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонға балабақша балаларының велошеруі, сонымен қатар, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» флеш-мобы ұйымдастырылды.

Республикалық «Қазақстан дауысы» байқауының жеңімпазы Мұратбек Хайролда іс-шараға қонақ ретінде қатысты.

Іс-шараға 120 адам қатысты.

![«Адал жол – Честный путь» марафонының құрметіне ұйымдастырылған концерт](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/pfyWY6JAiVRGscVNS7c5yzlxHab2dT.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafonyny-rmetine-yymdastyryl-an-koncert-706578](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafonyny-rmetine-yymdastyryl-an-koncert-706578)