---
title: "«Адал жол – Честный путь» марафоны сапарын жалғастыруда"
description: "А.ж. 12 мамырда Еңбекшілдер ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрліг..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-05-13T07:16:15+00:00"
modified: "2016-05-13T07:16:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-saparyn-zhal-astyruda-693093"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-saparyn-zhal-astyruda-693093/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол – Честный путь» марафоны сапарын жалғастыруда

> А.ж. 12 мамырда Еңбекшілдер ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрліг...

**

![«Адал жол – Честный путь» марафоны сапарын жалғастыруда](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/xFX1GTCsdbNaJHgYN93X6I99LmD5nu.jpg)

А.ж. 12 мамырда** Еңбекшілдер ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттердің байқауы мен «Менің Отанымның болашағы – менің қолымда» атты суреттер сайысы өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиені, сондай-ақ, жастардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін Еңбекшілдер және Бұланды аудандарының шекарасында «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Бұланды ауданына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараларға 85 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-saparyn-zhal-astyruda-693093](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-saparyn-zhal-astyruda-693093)