---
title: "«Адал жол – Честный путь» марафоны облыс өңірлерінде жалғасуда"
description: "А.ж. 18 шілдеде Ерейментау және Аршалы аудандарының шекарасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері минист..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-18T21:33:18+00:00"
modified: "2016-07-18T21:33:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-oblys-irlerinde-zhal-asuda-702993"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-oblys-irlerinde-zhal-asuda-702993/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол – Честный путь» марафоны облыс өңірлерінде жалғасуда

> А.ж. 18 шілдеде Ерейментау және Аршалы аудандарының шекарасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері минист...

А.ж. 18 шілдеде Ерейментау және Аршалы аудандарының шекарасында

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен дәстүрлі іс-шараға айналған облыстық «Адал жол – Честный путь» марафонын салтанатты түрде Аршалы ауданына табыс ету рәсімі өтті.

Іс-шараға Аршалы ауданы әкімінің орынбасары М.Маусынбаева, Ерейментау ауданы әкімі аппараты басшысының м.а. А. Қызкенова, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жастар қатысты.

Эстафета аясында символикалық баннер мен «Адал жол – Честный путь» кітабы қабылданды. Бұл акцияға «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты. Аталған марафонның аясында 28 шілдеге дейін ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бірқатар іс-шара өткізілетін болады, содан кейін «Адал жол – Честный путь» эстафетасы Целиноград ауданына тапсырылатын болады.

Іс-шараның соңында Аршалы ауданы әкімінің орынбасары велошеруге жол ашты.

![«Адал жол – Честный путь» марафоны облыс өңірлерінде жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/z5VK17vEyrMtWnhw6KwpoYMPNEEfvd.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-oblys-irlerinde-zhal-asuda-702993](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-marafony-oblys-irlerinde-zhal-asuda-702993)