---
title: "«Адал жол – Честный путь» өкілді биліктің көзімен"
description: "Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде «Нұр Отан» партиясы Бурабай аудандық филиалында партиялық активтің, о..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-04-21T06:05:57+00:00"
modified: "2016-04-21T06:05:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-kildi-bilikti-k-zimen-690139"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-kildi-bilikti-k-zimen-690139/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал жол – Честный путь» өкілді биліктің көзімен

> Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде «Нұр Отан» партиясы Бурабай аудандық филиалында партиялық активтің, о...

**

![«Адал жол – Честный путь» өкілді биліктің көзімен](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/TMlmP4yNTkuLWmHl2U5n6yeavK2VK2.jpg)

**

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде «Нұр Отан» партиясы Бурабай аудандық филиалында партиялық активтің, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, «Жас Отан» жастар қанатының «Адал жол – честный путь» тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесуге Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы Ө.Т. Бейсенов, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қ. Өміртаева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес қоғамының төрағасы - Р.К. Махаев, мемлекеттік қызметшілер, бастауыш партия ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сындарлы сұхбат өрбіді, модератор Бурабай ауданының тұрғындары арасында өткізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға 39 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-kildi-bilikti-k-zimen-690139](https://yvision.kz/kk/post/adal-zhol-chestnyy-put-kildi-bilikti-k-zimen-690139)