---
title: "«Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының слеті өткізілді"
description: "2017 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2017-06-22T00:55:02+00:00"
modified: "2017-06-22T00:55:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-rpa-eriktiler-mektep-klubtaryny-sleti-tkizildi-770871"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-rpa-eriktiler-mektep-klubtaryny-sleti-tkizildi-770871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының слеті өткізілді

> 2017 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл...

**

![«Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының слеті өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/F1D8plkx6Pt583QzqAA2U6WI0hyYw7.jpg)

**

2017 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы білім басқармасы бірлесе отырып, «Өрнек» оқушылар лагерінде «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасына сәйкес Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жанында құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының слетін өткізді.

Слетке қаланың 8 ауданының «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының мүшелері, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасының және Оқушылар сарайының қызметкерлері қатысты.

Жиынды Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Бақытбек Әлішов алғы сөзбен ашып, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен қатар, жаңа серпін беретін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы азаматтық-патриоттық қағидаттарды жетілдіретін үлкен ұйым болып, өзінің жұмыстарын ары қарай жалғастыратындығына тоқталды.

Алматы қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Тау, Алматы қаласы Оқушылар сарайы директорының орынбасары, «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтары слетінің ұйымдастырушысы Лариса слетке қатысушыларға сәттілік тілей отырып, өз пікірлерін білдірді.

Жиын барасында Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Бақытбек Әлішов пен Алматы қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Тау «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтарының 20 белсендісін мақтау грамоталарымен марапаттады.

Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубтары мүшелері тарапынан мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың модельдік тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретінде түрлі көрмелер мен 8 ауданның клуб мүшелері тарапынан дайындалған концерт ұйымдастырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-rpa-eriktiler-mektep-klubtaryny-sleti-tkizildi-770871](https://yvision.kz/kk/post/adal-rpa-eriktiler-mektep-klubtaryny-sleti-tkizildi-770871)