---
title: "«ADAL KÓMEK» еріктілер жобасы басталды"
description: "2020 жылдың 22 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-02-22T08:38:17+00:00"
modified: "2020-02-22T08:38:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-komek-eriktiler-zhobasy-bastaldy-850480"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-komek-eriktiler-zhobasy-bastaldy-850480/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ADAL KÓMEK» еріктілер жобасы басталды

> 2020 жылдың 22 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа ...

2020 жылдың 22 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығы ғимаратында «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» жобасы басталды.

Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Тұрғындарға тегін құқықтық кеңесті заңгер, медиатор С.В.Мукиева және Департамент қызметкерлері ұсынды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшының орынбасары А.С.Туркина «ADAL KÓMEK» еріктілер жобасы қажетті жоба екендігін атап өтіп, жобаға басқа мемлекеттік қызметшілерді еріктілер ретінде қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған кең көлемді мәдени-көпшілік шараның аясында өтетін «Жастар және волонтерлер жұмысының жаңа бағыттары» диалогтық алаңында «ADAL KÓMEK» жобасын таныстырып, талқылау ұсынылды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, «ADAL KÓMEK» еріктілер жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызмет көрсету орталығы ғимаратында апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге аралығында Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары тегін құқықтық кеңес беретінін назарларыңызға саламыз (БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-komek-eriktiler-zhobasy-bastaldy-850480](https://yvision.kz/kk/post/adal-komek-eriktiler-zhobasy-bastaldy-850480)