---
title: "«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының ережесі"
description: "«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының ережесі1. Жалпы ереже1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайла..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-11-16T04:04:07+00:00"
modified: "2020-11-16T04:04:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-e-bekti-zhar-yn-beynesi-bay-auyny-erezhesi-873658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/adal-e-bekti-zhar-yn-beynesi-bay-auyny-erezhesi-873658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының ережесі

> «Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының ережесі1. Жалпы ереже1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайла...

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының ережесі

1. Жалпы ереже

1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында жас суретшілер байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты - көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау.

2.2. Байқаудың міндеті – эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау.

3.Байқауға қатысу шарттары

3.1. Байқауға Батыс Қазақстан облысы мектептерінің 7-9 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысатын жұмыстарды білім мекемелерімен (соның ішінде қосымша білім мекемелері) ұсынылады.

4.Байқау жұмыстарының талаптары

4.1. Байқауға қағаз (картон) бетінде орындалған А3, А4 форматындағы жұмыстар қабылданады. Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаш, фломастер, бор, аралас техника және т.б.).

4.2. Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына сәйкес болу қажет.

4.3. Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.

5. Байқауды өткізу тәртібі

5.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.

5.2. Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (қосымша) Агенттіктің аумақтық департаментіне 2020 жылғы 26 қарашасына дейін жолданады (Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1).

5.3. Байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.

5.4. Қазылар алқасы Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасарынан, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысынан, Білім басқармасы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бір өкілінен, Агенттіктің консультативті-кеңестік органдарының өкілдерінен (Арнайы мониторингтік топ, Ақпараттық-ағарту штабы), сондай-ақ кәсіби суретшіден тұрады.

5.5.Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасының қорытындысы а.ж. 30 қарашасына дейін аумақтық департаменттіңресми әлеуметтік желідегі парақшасында жариялануы қажет.

5.6. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған жеңімпаздар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан 15 қатысушы таңдалып, алғыс грамоталарымен марапатталады.

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауына қатысуға өтінім

1. Оқушының Т.А.Ә.

2. Аудан (қала)

3. Білім беру ұйымының атауы

4. Класс

5. Байланыс телефоны

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/adal-e-bekti-zhar-yn-beynesi-bay-auyny-erezhesi-873658](https://yvision.kz/kk/post/adal-e-bekti-zhar-yn-beynesi-bay-auyny-erezhesi-873658)