---
title: "абыройы биік азаматтар"
description: "Ел тыныштығы жолында бүкіл өмірін сапта өткізуге арнаған азаматтардың еңбегі ерекше. Мемлекет мүддес..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-05-12T22:18:09+00:00"
modified: "2014-05-12T22:18:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abyroyy-biik-azamattar-413287"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abyroyy-biik-azamattar-413287/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# абыройы биік азаматтар

> Ел тыныштығы жолында бүкіл өмірін сапта өткізуге арнаған азаматтардың еңбегі ерекше. Мемлекет мүддес...

Ел тыныштығы жолында бүкіл өмірін сапта өткізуге арнаған азаматтардың еңбегі ерекше. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету – әрбір патриоттың парызы. Осылай деген Президент әскери және қызметтік парызын абыроймен атқарған азаматтарға мемлекеттік награда табыстай отырып, өзінің ризашылығын және бағасын беретіндігін айтты. Елдің абыройын ең басты орынға қоятын Отан қорғаушылар арасында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасы Бауыржан Бердалин марапатталды, сондай-ақ, Полиция генерал-майоры атағын Қарағанды облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров, Алматы қалалық ІІД бастығы Серік Күдебаев, Қостанай облыстық ІІД бастығы Тілеген Маткенов және IМ Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Бейбіт Ашқаров алды. Ал IIМ Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов генерал-лейтенант шенін алды. Алдағы уақытта аталған абыройлы қызметкерлеріміз жайлы мәліметтерді өз парақшамызда жариялауды жөн санаймыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abyroyy-biik-azamattar-413287](https://yvision.kz/kk/post/abyroyy-biik-azamattar-413287)