---
title: "Абылай Мырзахметов бүгін сот залына жеткізілді"
description: "Астана сотында \"Атамекен\" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметоке..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-15T09:55:26+00:00"
modified: "2024-01-15T09:56:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abylay-myrzahmetov-b-gin-sot-zalyna-zhetkizildi-999903"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abylay-myrzahmetov-b-gin-sot-zalyna-zhetkizildi-999903/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абылай Мырзахметов бүгін сот залына жеткізілді

> Астана сотында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметоке...

Астана сотында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметоке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

![Абылай Мырзахметов бүгін сот залына жеткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/1f31fe1ba4ffe8c405306da0a6ed01.jpg)

Фото: sputnik.kz

Ақпарат агенттіктері оның бүгін сот залына сағат 15:00 шамасында жеткізілгенін хабарлады.

Абылай Мырзахметов 2023 жылы 12 мамырда қамауға алынған еді. Қамау мерзімі содан бері бірнеше рет ұзартылып, ол осы уақытқа дейін тергеу қапасында отыр. 2023 жылдың мамырынан бері қамауда отыр.

Еске салайық, былтыр қазанда сот ұлттық палатаның бұрынғы төрағасын қамауға алу мерзімін ұзартқан болатын. Желтоқсанда істің сотқа жеткені белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесемін деп кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abylay-myrzahmetov-b-gin-sot-zalyna-zhetkizildi-999903](https://yvision.kz/kk/post/abylay-myrzahmetov-b-gin-sot-zalyna-zhetkizildi-999903)