---
title: "Абайдың қара сөздері. Отыз бірінші қара сөз"
description: "Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екі..."
author: "aydos1"
published: "2018-01-29T15:04:23+00:00"
modified: "2018-01-29T15:04:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abaydy-ara-s-zderi-otyz-birinshi-ara-s-z-794546"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abaydy-ara-s-zderi-otyz-birinshi-ara-s-z-794546/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абайдың қара сөздері. Отыз бірінші қара сөз

> Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екі...

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abaydy-ara-s-zderi-otyz-birinshi-ara-s-z-794546](https://yvision.kz/kk/post/abaydy-ara-s-zderi-otyz-birinshi-ara-s-z-794546)