---
title: "«Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанға» сұхбат берді"
description: "Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай - енді Халықаралық «Абай» сыйлығыныңтұңғ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-08T23:22:44+00:00"
modified: "2015-10-08T23:22:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-syyly-yny-t-ysh-iegeri-alym-zhaylybay-ta-sholpan-a-s-hbat-berdi-577125"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-syyly-yny-t-ysh-iegeri-alym-zhaylybay-ta-sholpan-a-s-hbat-berdi-577125/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанға» сұхбат берді

> Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай - енді Халықаралық «Абай» сыйлығыныңтұңғ...

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай - енді Халықаралық «Абай» сыйлығыныңтұңғыш иегері. Ақын бұл құрметті халықтың өзіне артқан зор сенімі деп біледі.

![«Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанға» сұхбат берді](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/cSYj9E3GOtMlJaQU7MSpve2uULmn0h.png)

«Абай» сыйлығы - тосынсый болды. Былтыр 5 кітабым жарық көрді. Осы еңбегімді таразыға салған шығар. Бұл - мен үшін үлкен сыйлық. Себебі «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері атану – екі ақынның бірінің маңдайына жазыла беретін бақыт емес», - дейді Ғалым Жайлыбай.

Сондай-ақ, ол Қазан қаласында өткен XI Түркі халықтарының поэзия фестивалінен түйіп қайтқан ойлары және алған әсерімен бөлісті.

«Фестивальге 23 елден 100-ге жуық ақын қатысты. Қазақстаннан Дәурен Берікқажы және Танагөз Толқынқызы – үшеуміз бардық. Бүгінгі түркі әлемінің мұндай шараларды өткізуі – халықтардың бір-бірін танып, араласуына, әдебиет байланысына септігін тигізеді. Басқасу жоғары деңгейде өтті», - дейді Ғалым Жайлыбай.

Сұхбатты [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) тыңдай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-syyly-yny-t-ysh-iegeri-alym-zhaylybay-ta-sholpan-a-s-hbat-berdi-577125](https://yvision.kz/kk/post/abay-syyly-yny-t-ysh-iegeri-alym-zhaylybay-ta-sholpan-a-s-hbat-berdi-577125)