---
title: "Абай сүйген Тоғжан мен Әйгерім жайлы"
description: "Абай Әйгерімді алғаш көргенде, ол кезде есімі Шүкмән, Тоғжан көзіне елестеп кеткендей болады. Ән айт..."
author: "Thesign"
published: "2018-12-09T15:59:15+00:00"
modified: "2018-12-09T15:59:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-s-ygen-to-zhan-men-ygerim-zhayly-821386"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-s-ygen-to-zhan-men-ygerim-zhayly-821386/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай сүйген Тоғжан мен Әйгерім жайлы

> Абай Әйгерімді алғаш көргенде, ол кезде есімі Шүкмән, Тоғжан көзіне елестеп кеткендей болады. Ән айт...

Абай Әйгерімді алғаш көргенде, ол кезде есімі Шүкмән, Тоғжан көзіне елестеп кеткендей болады. Ән айтқыш қызды, өзінің қолы жетпей кеткен Тоғжанына ұқсатып, біраз есенгіреп қалады. "Ойпырмай, осындайда болады екен-ау", деген ой келіп, кейін сол қызға сөз салып, келіншегі болдырғызады. Шүкмән-өте нәзік, ажарлы, айдай керілген ару десті. Оспан мен Абай өзара айдай керілген қыз деп атап, содан Айкерім есімі туады. Кейін келе бұл есім буын үндестігіне түсіп, "Әйгерім" болады.

Әйгерім мен Тоғжан Абайдың музалары болған. Тоғжанмен өмірлік жолы түйіспесе де, алғашқы махаббаты Абайдың шығармашылығына зор үлес қосқан делінеді. Тоғжанға ес түссіз ғашық кездерінде "Сап сап көңлім, сап көңлім", және тағы да басқа өлеңдері өмірге келген. "Сап сап көңлім, сап көңлім" өлеңінің тарихына келер болсақ, Тоғжанға көз қырын салып жүргенін, қыздың ағалары сезіп, Абайдың артынан қуады. Қашып келе жатқан сәтте шығарған өлеңі делінген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-s-ygen-to-zhan-men-ygerim-zhayly-821386](https://yvision.kz/kk/post/abay-s-ygen-to-zhan-men-ygerim-zhayly-821386)