---
title: "\" Абай - рухани байлықтың өлшемі\""
description: "Өздеріңізге мәлім биыл қазақ халқының бас ақыны Абай ақынға 175 жыл толып отыр. Осыған орай Шашуба..."
author: "aktogay.krg.nurotan.kz"
published: "2020-12-02T11:44:17+00:00"
modified: "2020-12-02T11:44:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-ruhani-bayly-ty-lshemi-883384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-ruhani-bayly-ty-lshemi-883384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# " Абай - рухани байлықтың өлшемі"

> Өздеріңізге мәлім биыл қазақ халқының бас ақыны Абай ақынға 175 жыл толып отыр. Осыған орай Шашуба...

Өздеріңізге мәлім биыл қазақ халқының бас ақыны Абай ақынға 175 жыл толып отыр. Осыған орай Шашубай кенттік үлгілі кітапханасында " Абай - рухани байлықтың өлшемі" Абай Құнанбаевтың " Қара сөздерінің маңыздылығы " жайлы дөңгелек стол өткізілді. Қазақстанның барлық мәдени мекемелерінде көптеген іс-шаралар жыл басынан өтуде. Пандемияға байланысты бұл жұмысты мәдени қызметкерлер онлайн түрінде, ыңғайы келгенде дәстүрлі түрде де өткізуде. Міне, біздің кітапхана оқырмандары да әр деңгейдегі байқауларға, челлендждерге, видеоролик жасаудан және басқа жұмыстарға белсене қатысуда. Атап айтатын болсақ Қомар Абай, Тайтөлеу Айгерім, Канафин Қанат, Дина Бөкен. Осы оқырмандар және басқа да оқырмандарымыз белсенді, іс -шараларға қатысып, өздерінің ой -пікірлерін ортаға салуда. Міне, осындай жұмыстың бір түрі - дөңгелек стол. Бүгін ұлы Абайдың қара сөздеріне тоқталатын боламыз. Немесе ақынның артынан қалдырып кеткен 45 қара сөздері жайында болмақ. Абайдың басқа ақындардан ерекшелігі, Абайдың өлеңді ермек үшін жазбай, өнеге етіп қалдыра алғандығында. Ұрпаққа қалдырған еңбегі ғасырдан-ғасырға жалғасып кете береді. Дана Ахмет Байтұрсынов: "Абай - қазақтың бас ақыны, бірақ оның өлеңдері әннің ырғағына келіңкіремейді", -деп кеткен екен. Абайдың ұстазы-өмір. Барлық арманы –халқы. " Халқым қашан жетіледі, халқымның қашан көзі ашылады, қашан қатарға қосылады" деп армандап кеткен. Абай тек бас ақын емес, ол Философ, қоғам қайраткері. Абай -қазақ үшін парасат биіктігінің , ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Қазақ бар іздегенін Абайдан табады. Қиналған кезде Абайды оқып, Абай арқылы тазарады. Қуанышты сәттерінде де адам өзі кешкен сезімдерінің дәл сипатын осы ұлы ақынның өлеңдерінен табады, себебі оның туындыларында адам өмірінің бар саласы түгелдей дерлік қамтылған. Абай - қазақ ой - санасының XIX ғасырдағы ең биік шыңы.

Ыза шығар білімнен,

Қайғы шығар ілімнен.

Ыза мен қайғы қысқан соң,

Зар шығады ілімнен.

ПОСТ С ФБ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-ruhani-bayly-ty-lshemi-883384](https://yvision.kz/kk/post/abay-ruhani-bayly-ty-lshemi-883384)