---
title: "Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады"
description: "Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Облыс әкімі әуелі 104 жастағы с?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-05-08T10:56:34+00:00"
modified: "2025-05-08T10:56:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynyn-akimi-sogys-ardagerlerin-zhenis-kunimen-kuttyktady-1013934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynyn-akimi-sogys-ardagerlerin-zhenis-kunimen-kuttyktady-1013934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

> Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Облыс әкімі әуелі 104 жастағы с?...

**Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. **

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8bcc36884cf8d29cd65c1ef9a1f2d1cd.jpg?width=1280&height=853)

Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды.

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/5cf5fed0f1fcd15ddccdf30b43abb8bc.jpg?width=1280&height=853)

Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов Польша мен Чехословакиядағы шайқастарға қатысқан. II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/03db8f4d9aa9a220c32f94688ca8b126.jpg?width=1280&height=853)

Аймақ басшысы қос ардагерді мерекемен құттықтап, Президенттің жолдаған құттықтауын оқып берді. Мерейтойлық медаль, 5 миллион теңгенің сертификаты мен облыс әкімдігінің арнайы сыйлығын табыс етті.

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/b68331a1a35860316b2154e0f0f91dda.jpg?width=1280&height=853)

«Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ерлігі мен батырлығының нышанына айналған қастерлі мереке. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне әрдайым ерекше құрметпен қарайды. Сіздердің Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз бен жанқиярлық ерліктеріңіз ұрпаққа үлгі бола береді. Арамызда аман-есен жүргендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз» деді аймақ басшысы.

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/c04128f0884d1c69909f831c61126cc0.jpg?width=1280&height=853)

Ерекше атап өтерлігі, соғыс ардагерлерінің үйінің ауласында Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарының әндерін шырқады.

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/9b248e48d4dd01eb3faa580f62dd59b1.jpg?width=1280&height=853)

Қазіргі таңда Абай облысында үш соғыс ардагері, 1700-ге жуық тыл еңбеккері бар.

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/086cd8ffe600baa96ddeb433e35d6718.jpg?width=1280&height=853)

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/e83d9f248a8c4801b0173df969c416f6.jpg?width=1280&height=853)

![Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/d1675ae1b7fffcbfa52b4b9fde6742e2.jpg?width=1280&height=853)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynyn-akimi-sogys-ardagerlerin-zhenis-kunimen-kuttyktady-1013934](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynyn-akimi-sogys-ardagerlerin-zhenis-kunimen-kuttyktady-1013934)