---
title: "Абай облысында жасанды интеллектті дамыту мәселелері талқыланды"
description: "Абай облысының Бесқарағай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселеле?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-11-10T05:32:58+00:00"
modified: "2025-11-10T05:32:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-zhasandy-intellektti-damytu-maseleleri-talkylandy-1018369"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-zhasandy-intellektti-damytu-maseleleri-talkylandy-1018369/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облысында жасанды интеллектті дамыту мәселелері талқыланды

> Абай облысының Бесқарағай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселеле?...

**Абай облысының Бесқарағай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/1254a574b73dc3664a143e3761e84c7d.jpg?width=1080&height=720) Кездесуге Президент Кеңесшісі Мәлік Отарбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты. Шарада жасанды интеллект технологияларын дамыту, білім беру жүйесін цифрландыру және жастардың жаңа дәуір талаптарына бейімделуі мәселелері қаралды.– Жасанды интеллект – бұл тек заманауи технология ғана емес, ойлау жүйесін түбегейлі өзгертетін жаңа құрал. Ертеңгі көшбасшылар бүгін осы бағытты игеріп жатқан жастар арасынан шығуы тиіс. Сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сай жаңғырып, ғылым мен технологияны ұштастыра білуі қажет. Тек осылай ғана біз жаһандық өзгерістерге бейімделіп, жаңа мүмкіндіктерге жол аша аламыз, – деді Мәлік Отарбаев. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/2ddc8a0614b121cc49e968caabcb3d94.jpg?width=1080&height=720) Жиынға қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген бастамалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Аудан тұрғындары цифрлық жаңғыру мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған шараларды толық қолдайтынын жеткізді.Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Рахматулин Мемлекет басшысының бастамаларына қатысты өз ойын білдіріп, олардың ел дамуына оң әсер ететінін айтты.– Президент Кеңесшісі Мәлік Нұржанұлының баяндамасынан кейін біз, Бесқарағай халқы, Жолдауда айтылған бастамаларды толық қолдаймыз. Алдағы үш жылда цифрландыру саласын, соның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық жүйелерді енгізуді басты назарда ұстаймыз. Бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына тың серпін беретіні анық, – деді ол. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/3d6aa7363b8fc9c3c77a78ead2fb7b1b.jpg?width=1080&height=720) Жиын аясында «Бесқарағай жастар көзімен» атты ерекше көрме ұйымдастырылды. Онда жасанды интеллект көмегімен жасалған жастардың шығармашылық жұмыстары мен өңірдің заманауи келбетін бейнелейтін цифрлық суреттер қойылды.Сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған экспозиция көпшілік назарына ұсынылды. Онда ақын өлеңдерінің мазмұнына сәйкес жасанды интеллект арқылы жасалған көркем бейнелер мен инсталляциялар көрермендер тарапынан зор қызығушылық тудырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-zhasandy-intellektti-damytu-maseleleri-talkylandy-1018369](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-zhasandy-intellektti-damytu-maseleleri-talkylandy-1018369)