---
title: "Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда"
description: "Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүр?..."
author: "AdilNazar"
published: "2025-07-11T06:35:23+00:00"
modified: "2025-07-11T06:35:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-taza-kazakstan-ekologiyalyk-bagdarlamasy-zhalgasuda-1015629"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-taza-kazakstan-ekologiyalyk-bagdarlamasy-zhalgasuda-1015629/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда

> Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүр?...

![Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/6d1f98418c10f04fa2b5abbf9ddc6efb.jpg?width=1280&height=720)

Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан көшелеріндегі тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы техникамен шығарылды. Сонымен қатар, Бесқарағай ауылында орталық стадион аумағында көрермендерге арналған орындар жөнделіп, сырлау жұмыстары атқарылды.

![Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/baf9a4e5d936020b69dd55e4632e2085.jpg?width=1280&height=960)

Экологиялық шараға ауылдың белсенді жастары мен тұрғындарынан құралған 30-ға жуық адам қатысып, туған өлкеге деген жанашырлықтарын нақты іспен дәлелдеді. Игі бастаманың басты мақсаты – ел ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

![Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/68664f458e03b29499a8acdb80aba3dd.jpg?width=1280&height=960)

Жергілікті тұрғындар мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұруы ауылдың көркеюіне, тазалығына және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімінің артуына зор ықпал ететінін атап өтті.

![Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/abcce50875089cc57d9ee08826b397db.jpg?width=1280&height=960)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-taza-kazakstan-ekologiyalyk-bagdarlamasy-zhalgasuda-1015629](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-taza-kazakstan-ekologiyalyk-bagdarlamasy-zhalgasuda-1015629)