---
title: "Абай облысында орман өртенді"
description: "Абай облысы Бородулиха ауданындағы \"Семей Орманы\" МОТР филиалының аумағында орман отқа оранды. Фото: @qazaqstantv Бұл аймақ батпақты жерде орналасқан. Сондықтан оған жету қиын. Тілсіз жауды ауыздықтауға Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-26T10:23:48+00:00"
modified: "2024-04-26T10:24:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-orman-rtendi-1004027"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-orman-rtendi-1004027/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облысында орман өртенді

> Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман отқа оранды. Фото: @qazaqstantv Бұл аймақ батпақты жерде орналасқан. Сондықтан оған жету қиын. Тілсіз жауды ауыздықтауға Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері...

*Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман отқа оранды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/ceb51e90a9b9d1354688af4585b8e6.jpg) Фото: @qazaqstantv

Бұл аймақ батпақты жерде орналасқан. Сондықтан оған жету қиын.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрт аумағы нақтыланып жатыр.

Сағат 15-04-те, алдын ала болжам бойынша, 0,22 га аумақтағы өрт оқшауланған.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/e4430e87e20645fa7c90454d762a16.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-orman-rtendi-1004027](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-orman-rtendi-1004027)