---
title: "Абай облысында 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті анықталды"
description: "Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленуші..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-08-18T12:06:05+00:00"
modified: "2022-08-18T12:06:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-9-zhasta-y-yzdy-zorlady-degen-k-dikti-any-taldy-973307"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-9-zhasta-y-yzdy-zorlady-degen-k-dikti-any-taldy-973307/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облысында 9 жастағы қызды зорлады деген күдікті анықталды

> Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленуші...

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі ағзасы қатты зақымданған.

«Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты», - деді анасы.

Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.

Фото алынды evg-crystal.ru

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-9-zhasta-y-yzdy-zorlady-degen-k-dikti-any-taldy-973307](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysynda-9-zhasta-y-yzdy-zorlady-degen-k-dikti-any-taldy-973307)