---
title: "Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынайды"
description: "Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жар..."
author: "journalist_n"
published: "2024-11-14T07:28:25+00:00"
modified: "2024-11-14T07:28:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysy-studentteri-respublikalyk-kasibi-sheberlik-chempionatynda-bak-synaydy-1009681"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysy-studentteri-respublikalyk-kasibi-sheberlik-chempionatynda-bak-synaydy-1009681/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынайды

> Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жар...

**Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 555 студент қатысады. **

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/6b774b16b3a4a4092a46767a7e1fc7c5.jpg?width=1290&height=715)

Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/791648db4d1216ab66186c42b7e1bd2c.jpg?width=4032&height=3024)

Бес күн өтетін сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент, 30 сарапшы аттанды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/4c90c81c28fffb639b72884709078940.jpg?width=960&height=1280)

Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатында командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, 12 медальон жеңіп алған Абай облысының командасы көш бастады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/ed2b7ae30a5ca1ba0282c0318d294a9a.jpg?width=1280&height=856)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysy-studentteri-respublikalyk-kasibi-sheberlik-chempionatynda-bak-synaydy-1009681](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblysy-studentteri-respublikalyk-kasibi-sheberlik-chempionatynda-bak-synaydy-1009681)