---
title: "Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы: әлеуметтік қолдау мен көлік инфрақұрылымын дамыту шешімдері қабылданды"
description: "Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясында денсаулық сақтау мен жолаушылар көлігі саласындағы маңызды мәселелер ..."
author: "VladimirZelensky"
published: "2025-10-22T09:45:18+00:00"
modified: "2025-10-22T09:45:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblystyk-maslihatynyn-kezekten-tys-sessiyasy-aleumettik-koldau-men-kolik-infrakurylymyn-damytu-sheshimderi-kabyldandy-1017962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-oblystyk-maslihatynyn-kezekten-tys-sessiyasy-aleumettik-koldau-men-kolik-infrakurylymyn-damytu-sheshimderi-kabyldandy-1017962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы: әлеуметтік қолдау мен көлік инфрақұрылымын дамыту шешімдері қабылданды

> Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясында денсаулық сақтау мен жолаушылар көлігі саласындағы маңызды мәселелер ...

*Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясында денсаулық сақтау мен жолаушылар көлігі саласындағы маңызды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды *[Yvision.kz](http://Yvision.kz)* Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.*Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар және басқарма басшылары қатысты. ![](https://storage.yvision.kz/images/user/574844/5b677b8a3c1208148e3b863e10e6dbef.jpg?width=2560&height=1706) **Тегін дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар **Күн тәртібіндегі басты мәселе — амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне өзгерістер енгізу болды. Бұл ретте тұрғындарға қосымша дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды тегін беру қарастырылған.Сондай-ақ облыс бойынша тексеру комиссиясының ережесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, бұл бастама — әлеуметтік әділеттіліктің және мемлекеттің қамқорлығының нақты көрінісі. > «Азаматтарымызға амбулаториялық емдеу кезінде қосымша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін беру – бұл әлеуметтік әділеттіліктің және мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Денсаулық сақтау басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды тиімді әрі ашық ұйымдастыруы қажет», – деді өңір басшысы. **Жолаушылар көлігін дамытуға жаңа бағдар** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/574844/971a33f67d668f5a8f111722932d8143.jpg?width=2560&height=1706) Сессияда 2025–2030 жылдарға арналған Абай облысының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы да бекітілді. Құжат өңірдің инфрақұрылымдық әлеуетін арттырып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған. > «Тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл бағытта аудан, қала әкімдері нақты жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуі керек», – деп атап өтті Берік Уәли. **Депутаттық сауалдар мен өзекті мәселелер** Сондай-ақ жиын барысында депутаттар денсаулық сақтау, жол инфрақұрылымы және көлік қатынасына байланысты депутаттық сауалдар жолдады.**Фото:** Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-oblystyk-maslihatynyn-kezekten-tys-sessiyasy-aleumettik-koldau-men-kolik-infrakurylymyn-damytu-sheshimderi-kabyldandy-1017962](https://yvision.kz/kk/post/abay-oblystyk-maslihatynyn-kezekten-tys-sessiyasy-aleumettik-koldau-men-kolik-infrakurylymyn-damytu-sheshimderi-kabyldandy-1017962)