---
title: "Абай Құнанбаевтың туған күні қашан?!"
description: "10 тамыз емес, 23-ші тамыз. Ұлы Абай Құнанбаев атамыздың туған күні қашан? 10 тамызда Алматы мен Мәс..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-10T06:34:35+00:00"
modified: "2016-08-10T21:06:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-nanbaevty-tu-an-k-ni-ashan-706428"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-nanbaevty-tu-an-k-ni-ashan-706428/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай Құнанбаевтың туған күні қашан?!

> 10 тамыз емес, 23-ші тамыз. Ұлы Абай Құнанбаев атамыздың туған күні қашан? 10 тамызда Алматы мен Мәс...

10 тамыз емес, 23-ші тамыз. Ұлы Абай Құнанбаев атамыздың туған күні қашан? 10 тамызда Алматы мен Мәскеуде Абай Құнанбаевтың туған күні аталып өтетінін білеміз.

Ақын ескі жыл қайыру бойынша 10 тамызда туған. Ал 1917 жылдан бастап, бұл 23 тамызға сәйкес келеді екен. Жалпы, қазақ зиялыларының туған күніне қатысты кейінгі кездері қарма-қайшы пікірлер айтылып жүр.

Хәкім Абайдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық мерейтойлары 10 тамызда тойланды. Мектеп оқулықтарында ақын 1845 жылы 10 тамызда дүние есігін ашты деп жазылған.

Алайда, Астана жұрты мен Семей өңірі соңғы 3-4 жылда ақынның туған күнін 23 тамызда атап өтуді дәстүрге айналдырған. Себебі, 1917 жылдан кейін әлемдегі күнтізбе 13 күнге жылжыған. Яғни, қазіргіше - 23 тамыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/TdhCTB2j80qXOivj7vTBZjYC1Ni0je.jpg)

**Ербол Тілешов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:**

***Ол шындыққа сай келеді. Осы күнде Абайдың мемориалдық музейі де, Семей қаласы да, туған жері де Абайдың туған күнін 23 тамызда ресми атап өтеді.***

***Ал 10 тамыз деген дата Абайдың ұрпағы Кәкітайдың ұлы Әрқамның естелігіне сүйеніп айтылып келген. Абайтанушылардың пікірі 10 тамыз да, 23 тамыз да қате емес дегенге саяды.***

**Алмахан Мұхаметқалиқызы, Қазақстан-Ресей университеті жанындағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры:**

***Егер М. Әуезовтің Абайдың өмірі мен шығармашылығына негізделген 4 нұсқасына қарап, оқып, зерттейтін болсақ, Абайдың туған күні жаздың соңғы күнінде, яғни, 23 тамыз нақты тарихи дерек бойынша. 10-ы да қате емес, 23-і де қате емес. Бірақ, негізді сол 10 тамыздан алып отырмыз. Сонда шегерілген кезде 23 тамыз болып келіп отыр.***

**Дулат Абибуллаев, тілші:**

***Зиялылыларымызға қатысты мұндай қарама-қайшылықтарды көбінесе қазақи мінез-құлықпен байланыстырды.* *Яғни, атам қазақ «туған күн» дегенді, ешқашан нақты датамен бекітпеген. Ахмет Байтұрсынұлының да туған күні бүгінге дейін қате жазылып келген.***

**Ербол Тілешов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:**

*Ақтаған кезде Ахаңды «1873 жыл,қаңтар айы» деп қате кеткен бір деректерде.* *Ал өзінің жазғанында 1872 жыл. Мысалға, Махамбеттің 200 жылдығын атап өткенде, бұрын 4-ші жыл деп жүргенбіз, бірақ, зерттеулер 1804 жыл емес, 1803 жыл екенін айғақтады. Абылайхандыда мысалы, 11-ші жылы туды деп жүргенбіз. Биыл міне, 300 жылдығын атап өтейін деп жатырмыз. Яғни,Абылайхан 13-ші жылы туған.*

Қалай десек те, ұлыларымызға жыл он екі ай тағзым етіп, ұлықтау артықтық етпейді. Ал олардың тап қай жылы, қай күні туғаны туралы тереңірек айту деректі фильмдер, болмаса ток-шоу бағдарламаның еншісіндегі дүние деп түйдік.

 

***Дереккөз: e-history.kz сайтынан***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-nanbaevty-tu-an-k-ni-ashan-706428](https://yvision.kz/kk/post/abay-nanbaevty-tu-an-k-ni-ashan-706428)