---
title: "Абай өлеңдерінің онлайн кеші"
description: "Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілерімен жас ақ..."
author: "almatinskaya.nurotan.kz"
published: "2020-08-13T12:08:41+00:00"
modified: "2020-08-13T12:08:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-le-derini-onlayn-keshi-863711"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-le-derini-onlayn-keshi-863711/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай өлеңдерінің онлайн кеші

> Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілерімен жас ақ...

Кеш қонақтары «Талдықорған» халықтық, фольклорлы-этнографикалық ән-би ансамблінің әншілерімен жас ақындар хәкім Абайдың өлеңдерін әуендетіп, өз арнауларын да айтып өтті. Онлайн концертті әлеуметтік желі оқырмандары «Фейсбук», «Инстаграм» желілерінен тікелей эфир арқылы тамашалап көріп, эфир қатысушылары аталған шара өте игі бастама және жас ұрпаққа Абай шығармашылығы үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.

Жалпы, Алматы облысында хәкім Абайдың туған күніне орай, нұротандықтар бастамасымен жыл басынан түрлі бастамадағы шаралар өтті. Мысалға, облыстың барлық аудан-қалаларымен «ОРТАҚ АБАЙ» атты облыста тұратын этнос жастар өкілдері арасында көркемсөз оқу байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-le-derini-onlayn-keshi-863711](https://yvision.kz/kk/post/abay-le-derini-onlayn-keshi-863711)