---
title: "Абай күні құтты болсын!"
description: "Абай күні құтты болсын!Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 17..."
author: "nurotan_nur.karatal"
published: "2021-08-10T06:13:36+00:00"
modified: "2021-08-10T06:30:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-k-ni-tty-bolsyn-944184"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-k-ni-tty-bolsyn-944184/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай күні құтты болсын!

> Абай күні құтты болсын!Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 17...

Абай күні құтты болсын!

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты болсын! Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға», - деп ұрпаққа өз ұлағатын жеткізген болатын.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай күні мерекесі құтты болсын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-k-ni-tty-bolsyn-944184](https://yvision.kz/kk/post/abay-k-ni-tty-bolsyn-944184)