---
title: "Абай-дана тұлға!"
description: "Абай Құнанбайұлы дара және дана тұлға. Еңбегі біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. Оның қара сөз..."
author: "kami1997"
published: "2016-04-02T12:58:05+00:00"
modified: "2016-04-11T14:36:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-dana-t-l-a-686710"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-dana-t-l-a-686710/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай-дана тұлға!

> Абай Құнанбайұлы дара және дана тұлға. Еңбегі біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. Оның қара сөз...

Абай Құнанбайұлы дара және дана тұлға. Еңбегі біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. Оның қара сөздері құдды бір жүрекке еніп, қазіргі өмірдің сабағындай болмақ. Бұл уақытта ұлы Абайдың сөздері сәбидің ағзасына ана сүтімен дариды. Ана сүті ағзаға қорек болса, ал Абайдың сөздері санаға қорек. Абайды тек қазақ ұлты емес, бүкіл ұлт, мемлекет таниды. Тіпті өзге мемлекеттер де оған арнап ескерткіштер қойған. Абайды танитын өзге ұлт демек, Қазақстанды танитыны сөзсіз. Абай қаншама ғасыр артта өмір сүрсе де, оның өлең-жыр шумақтары әлі күнгіге дейін ойып алар орны ерекше.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kami1997/ak94pY94PJf1M42HQDh4bL96a6yV3y.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-dana-t-l-a-686710](https://yvision.kz/kk/post/abay-dana-t-l-a-686710)