---
title: "Абай атамыздың қара сөздері цикліне қатысты ой-толғауларым. Бірінші қара сөзі"
description: "Әр адам өмірінің белгілі бір кезеңінде өмірдің, яғни тек өз өмірінің ғана емес, жалпы адамзат баласы..."
author: "Aiym_Tlepbergen"
published: "2019-01-08T17:46:23+00:00"
modified: "2019-01-08T17:46:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-atamyzdy-ara-s-zderi-cikline-atysty-oy-tol-aularym-birinshi-ara-s-zi-823348"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/abay-atamyzdy-ara-s-zderi-cikline-atysty-oy-tol-aularym-birinshi-ara-s-zi-823348/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Абай атамыздың қара сөздері цикліне қатысты ой-толғауларым. Бірінші қара сөзі

> Әр адам өмірінің белгілі бір кезеңінде өмірдің, яғни тек өз өмірінің ғана емес, жалпы адамзат баласы...

Әр адам өмірінің белгілі бір кезеңінде өмірдің, яғни тек өз өмірінің ғана емес, жалпы адамзат баласы өмірінің мән-мағынасын іздей бастайды екен. Ал, олай етпеген адамды адам деп атай аламыз ба? Өзі де күйбең тіршілікке алданып, айналасы да күн-көріс қамынан аса алмай жүрген азамат қаншама осы күні.

Олар бұрын болған жоқ, кездінде ата-бабаларымыздың жағдайы мүлдем басқаша еді дейтіндер не деп отырғандарын білмейді. Себебі Абай сынды данагөй ұлы адамдар жалпы адамзат баласына ортақ жағдаяттарды саралай келе, өз шығармашылықтарына арқау етеді. «Қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік» деп тоқ етерін айтқан философ бабамыз өзім жақсы көретін Альбер Камюдің «Сизиф туралы аңыз» атты шығармасындағы идеямен үндес ой-толғауларға келеді.

Міне, еліміздің маңдайына біткен бірегей ақыл иесі Абай атамыздың данагөйлігін осыдан аңғаруға болар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/abay-atamyzdy-ara-s-zderi-cikline-atysty-oy-tol-aularym-birinshi-ara-s-zi-823348](https://yvision.kz/kk/post/abay-atamyzdy-ara-s-zderi-cikline-atysty-oy-tol-aularym-birinshi-ara-s-zi-823348)