---
title: "«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында білім саласы басшыларымен кездесу өткізілді."
description: "11.06.2019 жылы «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Кушкинбаев..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-12T10:12:36+00:00"
modified: "2019-06-12T10:12:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-bilim-salasy-basshylarymen-kezdesu-tkizildi-834335"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-bilim-salasy-basshylarymen-kezdesu-tkizildi-834335/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында білім саласы басшыларымен кездесу өткізілді.

> 11.06.2019 жылы «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Кушкинбаев...

11.06.2019 жылы «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасы аясында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевтың төрағалығымен Ақсай қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің залында білім саласы мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Нуржан Мергенұлы Ихсангалиев, «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Орынбек Жамбылұлы Насимуллин және Бөрлі ауданының 25 мектеп, 13 бөбекжай, 4 мектептен тыс ұйымдары және кешкі мектептің басшылары қатысты. Кездесу барысында шараға қатысушыларға жобалық кеңсенің бүгінгі күні білім саласына қатысты атқарылып жатырған жұмыстары мен нәтижелері, сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы түсіндіріліп таныстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-bilim-salasy-basshylarymen-kezdesu-tkizildi-834335](https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-bilim-salasy-basshylarymen-kezdesu-tkizildi-834335)