---
title: "«Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында «БӘРІМІЗ АДАЛДЫҚ ҮШІН!» атты қашықтықтан жарнамалық ролик"
description: "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымда..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-09-22T05:09:18+00:00"
modified: "2020-09-22T05:09:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-b-rimiz-adaldy-shin-atty-ashy-ty-tan-zharnamaly-rolik-867055"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-b-rimiz-adaldy-shin-atty-ashy-ty-tan-zharnamaly-rolik-867055/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында «БӘРІМІЗ АДАЛДЫҚ ҮШІН!» атты қашықтықтан жарнамалық ролик

> Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымда...

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында, адамгершілік тәрбие беру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту үдерісіне тарту және барлық құқықбұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында «БӘРІМІЗ АДАЛДЫҚ ҮШІН!» атты қашықтықтан жарнамалық ролик байқауы өткізілді. Байқауға Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан, Орал қаласы мектептен тыс жұмыс орталығы, М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Дарынды балаларға арнлаған мамандандырылған №8 облыстық мектебі, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей интернатының 9-12 жас аралығында 34 оқушы, 13-16 жас аралығында 62 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы бейнероликтің сапасына, тақырыптық өзектілік пен баяндау ерекшелігіне және жоғары стилистикалық, грамматикалық орындалуына үлкен мән берді.Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен бастамаларына жетістіктер тілейміз!

9-12 жас аралығы бойынша:

І орын – Бәйтерек ауданы, Ульянов жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Жоламанова Айбану;

І орын – Байтерек ауданы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Федулеев Артем;

ІІ орын – Бәйтерек ауданы, Қ.Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені Жеңіс Ақбота;

ІІ орын – Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Садық Медет;

ІІІ орын - Қаратөбе ауданы, Үшағаш негізгі орта мектебінің оқушысы Алтайқызы Іңкәр;

ІІІ орын – Бәйтерек ауданы, Достық жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Берікқалиева Камила;

ІІІ орын – Жаңақала ауданы, Абай жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Максим Кәусар, Мәлік Мадина;

Алғыс хат –Бөрлі ауданы, Пугачев мектеп-балабақша кешенінің «Адал ұрпақ» клубы;

Алғыс хат – Бәйтерек ауданы, Зеленов жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Шайхолла Арина;

Алғыс хат – М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының оқушысы Махамбетов Нұрасыл;

Алғыс хат – Бәйтерек ауданы Ульянов жалпы орта мектебінің оқушысы Батырбай Гулнур;

Алғыс хат – Ақжайық ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің «Адалдық» клубы.

13-16 жас аралығы бойынша:

І орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей интернатының «Адалдық ұрпақ» клубы;

ІІ орын – Тасқала ауданы жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Узакбаев Алан;

ІІ орын – Ақжайық ауданы О.Исаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің «Адалдық» клубының ұландары;

ІІІ орын – Бөрлі ауданы, Ақсу ауылы Ақсу мектеп-балабақша кешенінің «Адалдық ұрпақ» клубы;

ІІІ орын – Қаратөбе ауданы, Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Орынбасар Дархан;

ІІІ орын – Казталов ауданы, Балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығының «Адалдық ұрпақ» клубы;

Алғыс хат – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Адалдық ұрпақ» клубы;

Алғыс хат – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 орта мектебінің «Адалдық ұрпақ» клубы;

Алғыс хат – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мектеп-балабақша кешені №1 «Адалдық ұрпақ» клубы;

Алғыс хат – Қаратөбе ауданы, Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының оқушысы Шаймардан Бекзат;

Алғыс хат – Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы Жалғасбаев Рафаэль;

Алғыс хат – Қаратөбе ауданы, Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ғайса Альбина;

Алғыс хат – Жәнібек ауданы, М.Ықсанов орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Бақыт Айзере;

Алғыс хат – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Ильяс Аружан, Рахимбаева Наргиза.

​

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-b-rimiz-adaldy-shin-atty-ashy-ty-tan-zharnamaly-rolik-867055](https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-ayasynda-b-rimiz-adaldy-shin-atty-ashy-ty-tan-zharnamaly-rolik-867055)