---
title: "\"Ақжайық-адалдық алаңы\" жобалық кеңсесінде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесі талқыланды."
description: "2019 жылы 27 ақпанда \"Ақжайық – адалдық алаңы\" жобалық кеңсесінде \"Ана ұя\" республикалық қорының \"Жа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-27T10:05:40+00:00"
modified: "2019-02-27T10:05:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-o-ushylardy-tama-tanuyn-yymdastyru-m-selesi-tal-ylandy-827251"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-o-ushylardy-tama-tanuyn-yymdastyru-m-selesi-tal-ylandy-827251/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

> 2019 жылы 27 ақпанда "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде "Ана ұя" республикалық қорының "Жа...

2019 жылы 27 ақпанда "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде "Ана ұя" республикалық қорының "Жанұя" аймақтық бала асырап алуды қолдау орталығының БҚО бойынша өкілінің, "Қазсанаудит" ЖШС, БҚО білім басқармасының өкілідерінің және Орал қалалық мәслихатының депутаты Л. Тұрсынованың қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бойынша Орал қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінде өткізілетін конкурстар туралы мәселе қаралды.

Отырысқа қатысушылар Орал қаласының орта білім беру ұйымдарында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі конкурс рәсімінің бұзылатындығын, атап айтқанда «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу» Қағидаларының орындалмауы туралы ақпарат берді.

Конкурс рәсімін бұзудың негізгі себептері: әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы толық ұсынбауы және конкурстық комиссия мүшелерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы толық білмеуі болып табылады.

Алдағы уақытта осындай тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында конкурс комиссиялары мүшелері арасында ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамасын және "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Ережені түсіндіру бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізу ұсынылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-o-ushylardy-tama-tanuyn-yymdastyru-m-selesi-tal-ylandy-827251](https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesinde-o-ushylardy-tama-tanuyn-yymdastyru-m-selesi-tal-ylandy-827251)