---
title: "«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды"
description: "2018 жылдың 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Мемлек..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-12-20T12:02:43+00:00"
modified: "2018-12-20T12:02:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ashyldy-822187"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ashyldy-822187/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

> 2018 жылдың 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Мемлек...

2018 жылдың 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов келді.

Жұмыс сапары барысында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.

Жобаны іске асырудың негізгі бастамасы 2018 жылдың 5 қазандағы Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы болып табылады.

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы С.Ахметжанов, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының миссиясы Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ashyldy-822187](https://yvision.kz/kk/post/a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ashyldy-822187)