---
title: "Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің 115 жылдығына орай «Жақсы адам - қазына» атты кітап көрме."
description: "2021 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық орталық модельді кітапханада геолог ғалым, тау-кен инженері, ге..."
author: "AOMK"
published: "2021-09-02T09:41:02+00:00"
modified: "2021-09-02T09:41:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhan-zha-sybek-ly-l-mashanidi-115-zhyldy-yna-oray-zha-sy-adam-azyna-atty-kitap-k-rme-946915"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zhan-zha-sybek-ly-l-mashanidi-115-zhyldy-yna-oray-zha-sy-adam-azyna-atty-kitap-k-rme-946915/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің 115 жылдығына орай «Жақсы адам - қазына» атты кітап көрме.

> 2021 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық орталық модельді кітапханада геолог ғалым, тау-кен инженері, ге...

2021 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық орталық модельді кітапханада геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері - Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің 115 жылдығына орай кітап көрме ұйымдастырылды.

Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз. «Жақсы адам - қазына» деген атаумен өткізіліп жатқан көрмеге 20 кітап қойылды.

Көрмеде «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан Ақжан әл- Машанидің ұлы бабамыздың тұңғыш рет көркем бейнесі сомдалған «Әл-Фараби» романы мен әр жылдары басылған мақалалары,

Ақжан Машанидің 100 жылдық мерейтойына арналған "Шығыс ғұламаларының ғылыми-техникалық, руханияттық құндылықтары және А. Машани" атты ғылыми-практикалық конференциясының материалдары іріктеліп қойылды.

Аталған кітаптар АОМ кітапхананың барлық оқырмандарына ұсынылады. Әдебиеттерді АОМК кітап қорынан алып танысуларыңызға болады.

![Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің 115 жылдығына орай «Жақсы адам - қазына» атты кітап көрме.](https://storage.yvision.kz/images/user/455568/ccb191a1ba38c652a88df881d4c3d0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-zhan-zha-sybek-ly-l-mashanidi-115-zhyldy-yna-oray-zha-sy-adam-azyna-atty-kitap-k-rme-946915](https://yvision.kz/kk/post/a-zhan-zha-sybek-ly-l-mashanidi-115-zhyldy-yna-oray-zha-sy-adam-azyna-atty-kitap-k-rme-946915)