---
title: "А.ж. 12 сәуірде Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен Атырау облысының әкімдігі бірлесіп «Жастар экстремизмге қарсы» атты жастар акциясын өткізді."
description: "Акцияның мақсаты жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстр..."
author: "DinGovKz"
published: "2013-04-13T01:13:11+00:00"
modified: "2013-04-13T01:13:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zh-12-s-uirde-atyrau-alasynda-y-m-nayshy-stadionynda-aza-stan-respublikasy-din-isteri-agenttigi-me-347255"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-zh-12-s-uirde-atyrau-alasynda-y-m-nayshy-stadionynda-aza-stan-respublikasy-din-isteri-agenttigi-me-347255/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# А.ж. 12 сәуірде Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен Атырау облысының әкімдігі бірлесіп «Жастар экстремизмге қарсы» атты жастар акциясын өткізді.

> Акцияның мақсаты жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстр...

Акцияның мақсаты жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстремистік идеялардың таралуымен күресу, жастарды тиімді әлеуметтендірудің негізі ретінде ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлерді құрметтеу мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Іс-шараға облыстық жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 8 мыңға жуық студенті қатысты.

Жастар алдында баршаны патриотизмге шақыра отырып, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, сондай-ақ облыстағы қоғамдық пікірдің аса беделді көшбасшылары сөз сөйледі.

Жастар акциясының барысында жастар алдында Қазақстанның эстрадалық жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов, белгілі ақын термеші Еркебұлан Қайназаров және Қарақат пен Қыдырәлі отансүйгіштік рухындағы әндерді шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-zh-12-s-uirde-atyrau-alasynda-y-m-nayshy-stadionynda-aza-stan-respublikasy-din-isteri-agenttigi-me-347255](https://yvision.kz/kk/post/a-zh-12-s-uirde-atyrau-alasynda-y-m-nayshy-stadionynda-aza-stan-respublikasy-din-isteri-agenttigi-me-347255)