---
title: "Ағымдағы жылдың 15 наурызы «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив отырысы өткізілді."
description: "Ағымдағы жылдың 15 наурызы күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив отырысы өткіз..."
author: "karatobe.nurotan.kz"
published: "2021-03-31T13:12:14+00:00"
modified: "2021-03-31T13:12:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ymda-y-zhyldy-15-nauryzy-nur-otan-partiyasy-arat-be-audandy-filialyny-aktiv-otyrysy-tkizildi-929488"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ymda-y-zhyldy-15-nauryzy-nur-otan-partiyasy-arat-be-audandy-filialyny-aktiv-otyrysy-tkizildi-929488/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ағымдағы жылдың 15 наурызы «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив отырысы өткізілді.

> Ағымдағы жылдың 15 наурызы күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив отырысы өткіз...

Ағымдағы жылдың 15 наурызы күні «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив отырысы өткізілді. Аудандық филиалдың активіне «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев, аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Асантаев Жанат Асылханұлы, филиал төрағасының бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Жақанұлы, Саяси кеңес және бюро мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары, БАҚ өкілдері, аудандық мәслихат депутататтары мен филиал қызметкерлері қатысты.

Актив отырысында облыстық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары - Жол карталарын орындаудағы міндеттер, аудандық сайлауалды бағдарламасы және жол картасында көрсетілген жұмыстар, сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқада тапсырмалардың орындалуы туралы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев облыстық деңгейдегі сайлауалды бағдармаласын жүзеге асырудағы Жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне тоқталды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудағы Жол картасында көрсетілген жұмыстар барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан баяндап, ауданның сайлауалды бағдармаласымен таныстырып, Жол картасы аясында 2021-2025 жылдарда атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған жобалары және басқа да тапсырмалардың орындалуы жөнінде «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Оразов Нұрлан Жақанұлы баяндады.

Күн тәртібіндегі мәселелелер бойынша жол картасында көрсетілген тапсырмаларды орындаудағы депутаттар алдындағы міндеттер туралы аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы сөз сөйлеп, өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

Жиын соңынан Мұрат Рахметұлы аудандық филиал жұмысына сәттілік тілеп, жиынға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, «Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану» музейін аралап, танысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-ymda-y-zhyldy-15-nauryzy-nur-otan-partiyasy-arat-be-audandy-filialyny-aktiv-otyrysy-tkizildi-929488](https://yvision.kz/kk/post/a-ymda-y-zhyldy-15-nauryzy-nur-otan-partiyasy-arat-be-audandy-filialyny-aktiv-otyrysy-tkizildi-929488)