---
title: "Ағылшын тілін қалай тез меңгеруге болады?"
description: "Мен ағылшын тілін тезірек үйренудің амалдарын іздестірдім. Ең алдымен бір нәрсені нақты қолға алған ..."
author: "tay48"
published: "2016-03-28T01:23:45+00:00"
modified: "2016-03-28T03:08:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ylshyn-tilin-alay-tez-me-geruge-bolady-685839"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-ylshyn-tilin-alay-tez-me-geruge-bolady-685839/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ағылшын тілін қалай тез меңгеруге болады?

> Мен ағылшын тілін тезірек үйренудің амалдарын іздестірдім. Ең алдымен бір нәрсені нақты қолға алған ...

Мен ағылшын тілін тезірек үйренудің амалдарын іздестірдім. Ең алдымен бір нәрсені нақты қолға алған соң соғын арнайы уақыт арнауың керек. Бұдан бұрын әрине ең алдымен талпыныс,қызығушылық қажет. Мен өзім осы тақырыпты зерттей келе мынадай жолдарды сіздерге ұсынамын:

1.Күніне 5-10 сөз жаттау.

Кез-келген он сөзді алып(күнделікті мектепте оқып журген ағылшын оқулығынан алуыңызға болады), оның оқылуын, жазылуын жаттау керек. Ол сөздер есте қалу үшін 20-30 минуттан , 4-5 сағаттан соң, 2-3 күннен соң, 1 аптадан соң,1 айдан соң әбден қайталау керек.

2. Тыңдау

Тыңдау өте маңызды. Ағылшынша әндерді тыңдап оның мағынасын түсініп бірге айтқан өте пайдалы. Сүйікті фильмдеріңізді де ағылшынша түсініп көруге үйреніңіз.

3. Қоршаған орта

Күнде қазақша немесе орысша сөйлей бермей, арасында ағылшынша сөйлей білуге үйрену керек. Ағылшын тілін жақсы білетін адамдармен сөйлесу қажет.

4. Ғаламтор

Күнделікті 1 сағатыңды ғаламтордағы ағылшын тілін үйрететін сайттарда өткізген дұрыс.Мысалы мына сайттан http://[kz.educator.com/](http://kz.educator.com/) ағылшынша сабақтарды таба аласыздар. Тек қана ағылшын емес сонымен қатар математика, физика, химия т.б пәндерді ағылшынша үйренуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар ұялы телефонға әр түрлі полиглоттарды жазып алған дұрыс. Өйткені кез келген адам қолынан телефонды тастамайды.Көлікте келе жатып осындай нәрселермен айналысқан дұрыс(чем Вк, инстаграм,ватсапқа кіргенше)

Ағылшын тілін [https](http://)[://lingualeo.com/ru](http:////lingualeo.com/ru) сайтынан керемет түсінуге болады. Оны телефонға көшіріп алуға болады.

Назар аударып, оқығандарыңызға рахмет)))

Күндеріңіз сәтті өтсін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-ylshyn-tilin-alay-tez-me-geruge-bolady-685839](https://yvision.kz/kk/post/a-ylshyn-tilin-alay-tez-me-geruge-bolady-685839)