---
title: "Ақылды соғыс"
description: "Жастар бастамаларын дамыту орталығында зияркерлік жай туындады. Орталық залында ең білімпаз команда ..."
author: "CRMI"
published: "2015-11-02T02:36:12+00:00"
modified: "2015-11-02T02:36:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-yldy-so-ys-632636"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-yldy-so-ys-632636/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақылды соғыс

> Жастар бастамаларын дамыту орталығында зияркерлік жай туындады. Орталық залында ең білімпаз команда ...

Жастар бастамаларын дамыту орталығында зияркерлік жай туындады. Орталық залында ең білімпаз команда атағы үшін тапқырлар арасында нағыз соғыс басталды. Зияркерлік ойындар бойынша ІІІ Чемпионатта Қазақстанның алты қаласынан он алты команда қатысты. Чемпионаттың бастамашысы «Что? Где? Когда?» Павлодар клубы. Қатысушылардың айтуы бойынша, ойынды ұйымдастыру және өткізу дәрежесі жоғары деңгейде болды, тіпті мұндай қиын сұрақтарды күтпегендерін де мойындады. Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері де «ЖБДО» тобын құрап, өз білімдерін көрсету мүмкіндігін жібермеді. «Что? Где? Когда?» турниріне қатысушы, Орталық командасының мүшесі Алдияр Апсаликов : «Ойын тартысты өтті, қарсыластардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Дегенмен сұрақтар Қазақстандықтарға мамандырылған болса жақсы болатын еді» - деген ойын жеткізді. Чемпионат аясында өткен «Своя игра» күрделігі бойынша кем түспеді. Барлық ойындар нәтижесі төмендегідей:

**«Своя Игра»**

1 орын - Владимир Автайкин (Теміртау) 2 орын - Ринат Исхаков (Өскемен) 3 орын - Айбек Сакенов (Павлодар)

**«Что? Где? Когда?»**

1 место ХаЛера (Өскемен) 2 место Разберёмся (Теміртау-Қарағанды-Астана) 3 место Квадрат Малежика (Павлодар)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-yldy-so-ys-632636](https://yvision.kz/kk/post/a-yldy-so-ys-632636)