---
title: "Ақыл-көркі-тіл"
description: "Бүгін ашып отырған тақырыбымның бірі - Қазақ тілі туралы болмақ. Қаншама қазақтың ұлы ойшылары мен қ..."
author: "zarikz"
published: "2014-02-14T12:24:25+00:00"
modified: "2014-02-14T12:24:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-yl-k-rki-til-400704"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-yl-k-rki-til-400704/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақыл-көркі-тіл

> Бүгін ашып отырған тақырыбымның бірі - Қазақ тілі туралы болмақ. Қаншама қазақтың ұлы ойшылары мен қ...

Бүгін ашып отырған тақырыбымның бірі - Қазақ тілі туралы болмақ. Қаншама қазақтың ұлы ойшылары мен қайраткерлері, танымал тұлғалар Ана тілі, Қазақ тілі туралы жазылған ой- пікірлері мен тілге деген сүйіспеншілігі, ұлттық рухты, ұлттық намысты көтеретін сөзбен жазылған талай мақал-мәтелдер, өлен сөздер бар! Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. деген Сұлтанмахмұт Торайғыр. Ал В.И Ленин Біз ұлтық тілді игеру арқылы мәдениетті адам бола аламыз деп айтқан. Қазақ елімізде, жерімізде қанашама қазақ болса да, сол қазақтардың жартысынан көбі орысша сөйлеп журеді. Әрине орыс тілін де жетік білгені де өте қуанышты жайт, өйткені шыны керек халықтың білімді, мәдениетті, жан-жақты көз қарасымыздың дамуы осы тілді жетік игеруі де себеп болғанын айта кету керек. Өйткені бәріміз де білеміз, мектепте болсын, университеттерде орыс кітаптарын оқып, болмаса қазақшаға аударып, аудармашы да болдық)). Әрине бұл бірталай қиындықтар туғызды, бірақ біз одан да мықты, білімді, қазақ жастарына айналдық. “Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымы, мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі арқылы меңгеруге болады. Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі” деп елбасымыз Н.Назабаев айтқан еді. Айтылған сөздерді толығымен қолдаймын! Қазіргі таңда, Мемлекеттік тіл мәртебесін толық жүзеге асыру үшін мемлекетпен көптеген іс-шаралар, бағдарламалар жүргізіліп жатыр. Бірақ, біздін халық Қазақ тілі, Ана тілі!!! деген тақырыптарға ат салысып, шешендік өнерін көрсетіп, орнынан тұра сөйлеп, намыстанып, қазақ тілін білмейтін қазақтардың бетіне басып, сөйлей кетеді. Сондай қазақ жастардың елін, туған жерін, ана тілін сүйетін, білімді, сөзге шешен, намысшыл, патриот қазақ жастарының болғанына да қуанамын. Мен олар сияқты сөзге шешен тапқырлығымен мақтана алмаймын, өйткені мектепте қазақша оқып орыс тілді ортада өстім. Бірақ оған қарамастан, жүрегімде еліме, ұлтыма, ана тілімізге деген сүйіспеншілігім соншама, блогымның бірінші тақырыбын осы мәселені талқылауға арнадым.

Халықтың жартысынан көбісі, ел басының қазақ тілі бойынша жүргізіп отырған саясаты туралы сөз қозғап, осал жақтарын іздеп, оқулықтарда қателіктерін тауып жариялап жатады. Осындай жат қылықтарды істеудің орнына, қазақ тілін жетік менгерген жастар өзінің жанында жүрген адамдарға түсінушілікпен қарап, онымен қазақша сөйлеуге тырысып, неге үйретпейді деген ой туындады. Қаншама қазақ тілінде көркем сойлейтін қазақ жастарын кездестірдім, тіл мәселесі көтерілетін болса сөзбен бәрін женетін жастар. Бірақ қазақ тілін біліп тұрған адамдар қазаққа күледі, немесе бетіңе басады. Қазақша неге сөйлемейсін? деген сөзден бастап әрі қарай жалғастыра кетеді....... Білмесең сөгеді немесе күледі. Сонда неге орыс халқы ауылдан келген қазақтар орысша сөйлей алмаса да, былдырлап бірнәрсе айтса да түсініп, бір күлмей әрі қарай орысша сөйлеп жалғастыра кетеді? Неге біз, тура солай қазақ тілін білмейтін адамдарға жауап беріп, орысша жалғастырмай қазақшамызда сөйлеп үйретпейміз? Мен университетте орыс тобымен көп араластым, ол топта оқитындар барлығы қазақ еді, көбісі қазақ тілін түсінеді бірақ сөйлей алмайтын. Байқағаным арасында қазақша үйренгісі келетін жастар көп, олар қазақ тілін білмегеніне ұялатын, оларды үйрету үшін қазақша жазысып немесе қазақша сөйлесіп түсінбеген жерлерінде аударып отыруға тырысатынмын, кішкене болса да көмегім тисін деп. Универде 1 курсты бастаған кезде біздін топқа Қазақ-түрік лицейін бітірген қазақ бала келді, өте білімді бала. Бірақ, ана тілін мүлдем білмейді екен, оның қазақ тобына түскен себебі болып Ана тілін жетік менгеру болды. Бір жыл талпынып оқып, сабақтарды бізден артық білсе де қазақшалап жеткізу қиынға соқты, соның салдарынан қазақ мұғалімдері де оны талпынысын басып, орыс тобына бар несіне қиналасын десе де. Мен 3 тіл білем (орыс, түрік, ағылшын), қазақ тілін үйренгім келеді деп айтқан еді. Бірақ, өкінішке орай 1 жылдан кейін Мәскеудін универіне түсіп кетеді. Менің ойымша, бұған себеп болған қазақтардың өзіміз. Өйткені, топтың ұлдары оны өз қатарына қоспай, айта алмаған сөзін қайталап, үстінен жиі күліп отыратын еді. Біз қазақтарды қазақша сөйлете алмасақ, тартпасақ, қайдан Қазақ елі боламыз? «Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi». Мағжан Жұмабаев

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-yl-k-rki-til-400704](https://yvision.kz/kk/post/a-yl-k-rki-til-400704)