---
title: "Аққулы көлді Голливуд"
description: "2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын к..."
author: "Arsik"
published: "2010-01-05T13:44:41+00:00"
modified: "2010-01-05T13:44:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-uly-k-ldi-gollivud-26320"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-uly-k-ldi-gollivud-26320/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аққулы көлді Голливуд

> 2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын к...

2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын киноны да күтетін болдым (бүгіннен бастап, әлі 1 жыл бар екен ^_^). Өте қызықты болады-ау деген киноның аты - «Қара аққу» («Black Swan»).

Осы киноға деген үмітім зор, неге десеңіз, біріншіден, Натали Портман («V 4 Vendetta» үшін ерекше жақсы көремін), екіншіден, Вайнона Райдер (иә, «Нью-Йорктегі күз» үшін), үшіншіден, кинодағы оқиға балет театрының балериналары жайында. Портман «Аққулы көл» балетіндегі Одеттаның рөлінде; меніңше, шынымен де балеринаға ұқсайды.

![Аққулы көлді Голливуд](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/I4zuUbRBkNGtujUQPXWgsaf1n1nuPv.jpg)

![Аққулы көлді Голливуд](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/hr984ND09YAp5tIUQvdXS1hm94dwu1.jpg)

![Аққулы көлді Голливуд](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/h8602Qm1O55Y8zM3Tei5Cux1NPS8F2.jpg)

![Аққулы көлді Голливуд](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/mRv5RGq06e0U1txk863BrjH7199RzO.jpg)

Сценарий - Даррен Аронофски, Марк Хейман.

Жанр - триллер, драма.

Әлемдік премьера - 2010 ж. 31 желтоқсан.

Басты рөлде: Н. Портман, В. Райдер, М. Кунис, В. Кассель.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-uly-k-ldi-gollivud-26320](https://yvision.kz/kk/post/a-uly-k-ldi-gollivud-26320)