---
title: "Ақтауды су басып қалды"
description: "Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен. Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті. \"20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-08T05:05:45+00:00"
modified: "2024-05-08T05:05:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-taudy-su-basyp-aldy-1004392"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-taudy-su-basyp-aldy-1004392/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтауды су басып қалды

> Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен. Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті. "20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты...

*Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/3742e99be0f4747786ee2c17aef93b.jpg)

Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті.

"20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Қалада қажетті техника жеткілікті", - дейді ол.

Шаһар тұрғындары болса, су басқан көшелердің бейнежазбаларын әлеуметтік желіде таратып, тіпті бұны қалжыңға айналдыруда.

"Еркектердің мерекесінде осындай жағдай болып қалғанына біз кінәлі емеспіз. Жігіттер, кешіріңдер", - деп күледі көлікте кетіп бара жатқан қыз.

**Ескерту: видеода боғауыз сөздер бар**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-taudy-su-basyp-aldy-1004392](https://yvision.kz/kk/post/a-taudy-su-basyp-aldy-1004392)