---
title: "Ақтауда кәрізден шала туған бала өлі табылды"
description: "Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат ке..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-06-09T12:08:14+00:00"
modified: "2022-06-09T12:08:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-k-rizden-shala-tu-an-bala-li-tabyldy-968812"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-k-rizden-shala-tu-an-bala-li-tabyldy-968812/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтауда кәрізден шала туған бала өлі табылды

> Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат ке...

Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-k-rizden-shala-tu-an-bala-li-tabyldy-968812](https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-k-rizden-shala-tu-an-bala-li-tabyldy-968812)