---
title: "Ақтауда Бірінші мамандандырылған ғылыми-техникалық конференцияға қатысушылар битум өндірісін талқылады Қазақстанда буып-түйілген битум шығарыла бастады."
description: "Битумды біркелкі іріктеп алуды қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімінің сұйық түрімен қатар тасымалд..."
author: "minenergo"
published: "2017-11-22T05:09:06+00:00"
modified: "2017-11-22T05:09:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-birinshi-mamandandyryl-an-ylymi-tehnikaly-konferenciya-a-atysushylar-bitum-ndirisin-tal-ylad-785814"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-birinshi-mamandandyryl-an-ylymi-tehnikaly-konferenciya-a-atysushylar-bitum-ndirisin-tal-ylad-785814/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтауда Бірінші мамандандырылған ғылыми-техникалық конференцияға қатысушылар битум өндірісін талқылады Қазақстанда буып-түйілген битум шығарыла бастады.

> Битумды біркелкі іріктеп алуды қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімінің сұйық түрімен қатар тасымалд...

Битумды біркелкі іріктеп алуды қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімінің сұйық түрімен қатар тасымалдау мен сақтауға қолайлы буып-түйілген түрі де шығарыла бастады. Бүгін, 22 қарашада Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «CaspiBitum» БК» ЖШС алаңында өтіп жатқан конференцияға қатысушылар саланың осы және басқа мәселелері мен болашағын талқылауда. Конференция жұмысына салалық министрліктен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақстан ғылыми-техникалық жол институты» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, жергілікті атқарушы органдардан, жоғары оқу орындарынан, отандық өнім шығарушылар мен битум жасаушылардан, сондай-ақ жол-құрылыс компанияларынан 80-ге жуық делегат қатысып отыр. Жол саласының өзекті мәселелерінің бірі – битум сақтауға арналған қоймалардың жоқтығы, осының салдарынан жол-құрылыс компаниялары қыс-көктем мезгілінде (ақпан-мамыр) битум іріктеп алуды жүргізбейді, бұл жаз мезгілінде қажеттіліктің артуына және тауар құнының өсуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар конференция барысында буып-түйілген битумды жасау, тиеп жөнелту және тасымалдау процессі көрсетілді. Бүгінгі күні Қазақстанда жол битумын шығаратын 4 негізгі зауыт жұмыс істеп тұр («CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС). Барлық зауыттардың ең жоғары жиынтық қуаты жылына 1,2 млн. тонна құрайды, бұл 2014 жылдан бастап ішкі нарықтың битумға сұранысын толық қамтамасыз етеді, ал бұрын ол ішінара импортталатын. Соңғы 3 жылдың алғаш рет битум 85 мың тонна мөлшерінде ірі көлемде шетелге экспортталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-birinshi-mamandandyryl-an-ylymi-tehnikaly-konferenciya-a-atysushylar-bitum-ndirisin-tal-ylad-785814](https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-birinshi-mamandandyryl-an-ylymi-tehnikaly-konferenciya-a-atysushylar-bitum-ndirisin-tal-ylad-785814)