---
title: "Ақтауда «Білімді ұрпақ» акциясы өтті"
description: "Ағымдағы жылдың 25 тамызда Ақтау қаласында Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызме..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-09-22T07:15:13+00:00"
modified: "2015-09-22T07:15:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-bilimdi-rpa-akciyasy-tti-545614"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-bilimdi-rpa-akciyasy-tti-545614/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтауда «Білімді ұрпақ» акциясы өтті

> Ағымдағы жылдың 25 тамызда Ақтау қаласында Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызме...

Ағымдағы жылдың **25 тамызда** Ақтау қаласында Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының концерт залында «Мейірім-Ақтау жастары», «Қамқор –Ақтау жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1-қырқүйек білім күніне орай мүмкіндігі шектеулі және мүжәлсіз отбасы балаларына «Білімді ұрпақ» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңесінің төрағасы **М.Қадырбек,** әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы **С.Сихымбекұлы,** сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты **А.Сванбаева,** Маңғыстау облысы бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы **Б.Тұяқов, «Қамқор-Ақтау жастары»** қоғамдық бірлестігінің төрайымы **К.Тайғара,** оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңесінің төрағасы **М.Қадырбек** ата аналарды, оқушыларды, мүмкіндігі шектеулі **Сайын Дариғаға** және мүжәлсіз отбасы **Жолдасбаевтар Базарбай, Наргиза Назира, Жансулуды** келе жатқан білім күнімен құттықтап оқу құралдарын табыс етіп, департамент атынан қаржылай көмек көрсетті. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

![Ақтауда «Білімді ұрпақ» акциясы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/Sn4vonq0blFH5ftQkjjyKTFAqYba2Y.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-bilimdi-rpa-akciyasy-tti-545614](https://yvision.kz/kk/post/a-tauda-bilimdi-rpa-akciyasy-tti-545614)