---
title: "Ақтау әкімі алаяқтық жөнінде үндеу жолдады"
description: "Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев өзінің аты-жөнін алаяқтар пайдаланып жатқанын айтты. Ол азаматтарды өз атынан келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды. \"Whats’App, Telegram мессенджерінде белгісіз адам менің аты-жөнімді жазып жалған..."
author: "orazali"
published: "2024-06-19T05:26:46+00:00"
modified: "2024-06-19T05:33:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tau-kimi-alaya-ty-zh-ninde-ndeu-zholdady-1005796"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tau-kimi-alaya-ty-zh-ninde-ndeu-zholdady-1005796/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтау әкімі алаяқтық жөнінде үндеу жолдады

> Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев өзінің аты-жөнін алаяқтар пайдаланып жатқанын айтты. Ол азаматтарды өз атынан келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды. "Whats’App, Telegram мессенджерінде белгісіз адам менің аты-жөнімді жазып жалған...

*Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев өзінің аты-жөнін алаяқтар пайдаланып жатқанын айтты. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/074ab4b8e83db0f6f3a1cb3d239fbc.jpg)

Ол азаматтарды өз атынан келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.

"Whats’App, Telegram мессенджерінде белгісіз адам менің аты-жөнімді жазып жалған ақпарат таратып жүр.

Сіздерден мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ, мұндай хабарламаларға жауап бермей, ештеңе жазбағандарыңыз дұрыс", - деп жазды Ұлықбек Тінәлиев Facebook-те.

Әкім өз атынан алаяқтық мақсатта хабарламалар жіберуге тыйым салатынын, ал тыйымды тыңдамағандардың үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/69e46160f24e5fce3ced65890f9e1f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-tau-kimi-alaya-ty-zh-ninde-ndeu-zholdady-1005796](https://yvision.kz/kk/post/a-tau-kimi-alaya-ty-zh-ninde-ndeu-zholdady-1005796)