---
title: "Қаңтарбаев Сәрсенбай"
description: "1942 жылдың 2 қыркүйегінде Аягөз қаласында кіші командирлерді дайындайтын 6 айлық курстан өтіп, серж..."
author: "taldykorgan.nurotan.kz"
published: "2021-05-04T10:18:58+00:00"
modified: "2021-05-04T10:18:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tarbaev-s-rsenbay-933584"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-tarbaev-s-rsenbay-933584/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаңтарбаев Сәрсенбай

> 1942 жылдың 2 қыркүйегінде Аягөз қаласында кіші командирлерді дайындайтын 6 айлық курстан өтіп, серж...

1942 жылдың 2 қыркүйегінде Аягөз қаласында кіші командирлерді дайындайтын 6 айлық курстан өтіп, сержант атағын алып, кіші командир болады. 1945 жылдың 21 қаңтарындағы шайқаста екі қолынан жараланып, Мәскеу қаласындағы госпитальға жатып, алты ай емделіп, II топтағы мүгедек болып елге оралады. Жеңіс күнін госпитальда қарсы алып, Москва қаласында Жуковтың басқаруымен өткен Жеңіс шеруіне қатысады. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен, I және II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бейбіт өмірде «Еңбек ардагері», «Астананың 10 жылдығы» Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойының медальдарымен марапатталған. Бүгінде Көксу ауданының Құрметті азаматы. Сәрсенбай ақсақал бейбіт өмірде Панфилов педагогикалық училищесін бітіріп, Талапты, Алғабас жеті жылдық мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Быжыауылдық кеңесінде он жыл хатшы, есепші болып қызмет істеген. Пошта және байланысбөлімшесінің меңгерушісінің оқуын тәмамдап, осы лауазымда 15 жыл жүмыс жасап,1980 жылы зейнеткерлікке шықты. 1950 жылы асыл жары Бәтиха Нүсіпқызымен шаңырақ көтереді. «Алтын алқа» иегеріБәтиха апамыз екеуі өмірге 11 бала әкеліп, 9 бала тәрбиелеп, өсіріп, ұлды ұяға, қыздықияға қондырып отырған ардақты ата-ана. Осы балалардан тараған 25 немере, 15 шөбере сүйген бақытты жанүя. Қазіргі таңда кенже келіні Салтанат және 3 немересімен бір шаңырақ астында ғұмыр кешуде #ардагерлердіардақтайық

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-tarbaev-s-rsenbay-933584](https://yvision.kz/kk/post/a-tarbaev-s-rsenbay-933584)