---
title: "Ақтөбеліктер топан судан зардап шеккендерге көмек..."
description: "Ақтөбеде жұртшылықтан көмек қабылдайтын екі орын бар. Олар – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы және Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы. Фото: diapazon.kz Қала тұрғындарының гуманитарлық орталықтарға су тасқынынан зардап..."
author: "orazali"
published: "2024-03-29T10:57:22+00:00"
modified: "2024-03-29T10:57:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-belikter-topan-sudan-zardap-shekkenderge-k-mek-olyn-sozyp-zhatyr-1002809"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-belikter-topan-sudan-zardap-shekkenderge-k-mek-olyn-sozyp-zhatyr-1002809/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбеліктер топан судан зардап шеккендерге көмек...

> Ақтөбеде жұртшылықтан көмек қабылдайтын екі орын бар. Олар – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы және Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы. Фото: diapazon.kz Қала тұрғындарының гуманитарлық орталықтарға су тасқынынан зардап...

*Ақтөбеде жұртшылықтан көмек қабылдайтын екі орын бар. Олар – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы және Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/eb4bf8a7f00f247e52d954f7b62089.jpg)

Фото: diapazon.kz

Қала тұрғындарының гуманитарлық орталықтарға су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде азық-түлік, жылы жамылғы, тәпішке және тағы басқа көптеген заттарды әкеліп жатқанына бір тәулік болды.

Сондай орындардың бірі – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында «Диапазонның» тілішісі болып қайтқан.

«Қала тұрғындары – белсенділер, еріктілер, мектептер, балабақшалар, ата-аналар кешеден (28 наурыз) бері түні бойы және бүгін, жалпы 24 сағат бойы түрлі азық-түлік, шаруашылық заттарын, төсек жабдықтарын, жастық, жамылғы, кілем, палас, бала киімдерін әкелуде. Бізден тағы тәпішке сұрап жатқандар бар», – дейді Ақтөбе қаласы әкімі апаратының әлеуметтік сала бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрсәуле Жылқыбаева.

Мұндағылар мониторинг жүргізеді де, топан судан зардап шеккендер орналасқан пункттерге тиісті көлемде гуманитарлық көмек жөнелтеді.

https://t.me/diapazonnews

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-belikter-topan-sudan-zardap-shekkenderge-k-mek-olyn-sozyp-zhatyr-1002809](https://yvision.kz/kk/post/a-t-belikter-topan-sudan-zardap-shekkenderge-k-mek-olyn-sozyp-zhatyr-1002809)