---
title: "Ақтөбелік лауазымды қызметкердің әкім орынбасарының көмекшісіне ақша апарып берген видеосы тарады"
description: "Қазір Ақтөбеде бір лауазымды қызметкердің облыс әкімі орынбасары көмекшісінің үйіне ақша апарып..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-19T03:46:27+00:00"
modified: "2024-01-19T08:37:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-belik-lauazymdy-yzmetkerdi-kim-orynbasaryny-k-mekshisine-a-sha-aparyp-bergen-videosy-tarady-1000060"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-belik-lauazymdy-yzmetkerdi-kim-orynbasaryny-k-mekshisine-a-sha-aparyp-bergen-videosy-tarady-1000060/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбелік лауазымды қызметкердің әкім орынбасарының көмекшісіне ақша апарып берген видеосы тарады

> Қазір Ақтөбеде бір лауазымды қызметкердің облыс әкімі орынбасары көмекшісінің үйіне ақша апарып...

Қазір Ақтөбеде бір лауазымды қызметкердің облыс әкімі орынбасары көмекшісінің үйіне ақша апарып бергенін көрсететін видео әлеуметтік желіні кезіп жүр.

![Ақтөбелік лауазымды қызметкердің әкім орынбасарының көмекшісіне ақша апарып берген видеосы тарады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d0a84e47a96d80e0cccd30b0f63ed5.jpg)

«Әлеуметтік желіде «Ақтөбе ӘКК» қызметкерлері сыйақыларын алып, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Ажниязовқа жіберіпті-міс, ал ол жиналған ақшаны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісіне апарып беріпті-міс делінген бейнекөрініс тарап жатыр. Нақты айта алмаймыз, әлеуметтік желідегі видео мен жазба бойынша тексеру жүргізген жөн», – деп жазылған EGOV.PRESS телеграм-арнасында.

![Ақтөбелік лауазымды қызметкердің әкім орынбасарының көмекшісіне ақша апарып берген видеосы тарады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/a4909c7ad03d6d8507b5401479b7b1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-belik-lauazymdy-yzmetkerdi-kim-orynbasaryny-k-mekshisine-a-sha-aparyp-bergen-videosy-tarady-1000060](https://yvision.kz/kk/post/a-t-belik-lauazymdy-yzmetkerdi-kim-orynbasaryny-k-mekshisine-a-sha-aparyp-bergen-videosy-tarady-1000060)