---
title: "Ақтөбеде жоғалған баланы 500 адам іздеп жатыр"
description: "Шатыр мен кәріз құдықтарынан бастап ағаш егілген жерлер мен өзен жағалауларына дейін тексеріліп жатыр. 13 жасар Кәрім Жетіру 4 маусымда сағат 16:40-та жоғалып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жеткіншек іздестіріліп жатыр. Іздеуге шамамен 500..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-05T12:40:10+00:00"
modified: "2024-06-05T12:40:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-balany-500-adam-izdep-zhatyr-1005340"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-balany-500-adam-izdep-zhatyr-1005340/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбеде жоғалған баланы 500 адам іздеп жатыр

> Шатыр мен кәріз құдықтарынан бастап ағаш егілген жерлер мен өзен жағалауларына дейін тексеріліп жатыр. 13 жасар Кәрім Жетіру 4 маусымда сағат 16:40-та жоғалып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жеткіншек іздестіріліп жатыр. Іздеуге шамамен 500...

*Шатыр мен кәріз құдықтарынан бастап ағаш егілген жерлер мен өзен жағалауларына дейін тексеріліп жатыр. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/71a3808c631de6ad6927fc824745e9.jpg)

13 жасар Кәрім Жетіру 4 маусымда сағат 16:40-та жоғалып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, жеткіншек іздестіріліп жатыр. Іздеуге шамамен 500 адам тартылған. Олар - полиция, ТЖБ қызметкерлері және еріктілер. Бұл іске иісшіл иттер де тартылған. Квадроцикл, қайық, ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. "Үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, ұралар тексеріліп, дала мен орман алқаптары қаралып жатыр. Қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары да тексерілуде", - дейді Ақтөбе облысы Полиция департаментіндегілер.

t.me/diapazonnews

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-balany-500-adam-izdep-zhatyr-1005340](https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-balany-500-adam-izdep-zhatyr-1005340)