---
title: "Ақтөбеде жоғалған аутист бала әлі табылған жоқ (видео)"
description: "Бүгін оны төртінші күн іздеп жатыр. Ақтөбеде полиция, еріктілер және жанашыр азаматтар 13 жасар Кәрім Жетіруды 4 маусымнан бері жабылып іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына 500 адам, иісшіл итттер, 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 ат және..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-07T06:50:11+00:00"
modified: "2024-06-07T06:50:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-autist-bala-li-tabyl-an-zho-video-1005410"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-autist-bala-li-tabyl-an-zho-video-1005410/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ақтөбеде жоғалған аутист бала әлі табылған жоқ (видео)

> Бүгін оны төртінші күн іздеп жатыр. Ақтөбеде полиция, еріктілер және жанашыр азаматтар 13 жасар Кәрім Жетіруды 4 маусымнан бері жабылып іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына 500 адам, иісшіл итттер, 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 ат және...

*Бүгін оны төртінші күн іздеп жатыр. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/ae54bccd9425e67b4716180d75a1e4.jpg) Ақтөбеде полиция, еріктілер және жанашыр азаматтар 13 жасар Кәрім Жетіруды 4 маусымнан бері жабылып іздеп жатыр.

Іздеу жұмыстарына 500 адам, иісшіл итттер, 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 ат және дрондар тартылған.

Үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар тексеріліп, дала мен орман қаралды. Қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары да тексерілуде.

Айта кетейік, [Кәрімнің іздестіріліп жатқанын](https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-balany-500-adam-izdep-zhatyr-1005340) бұрын да хабарлағанбыз.

[https://t.me/diapazonnews](https://t.me/diapazonnews)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-autist-bala-li-tabyl-an-zho-video-1005410](https://yvision.kz/kk/post/a-t-bede-zho-al-an-autist-bala-li-tabyl-an-zho-video-1005410)